Жеңіс Қасымбек дауға қалған G-Park құрылысы қашан аяқталатынын айтты

26 Ақпан 2024, 15:48
2216
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек дауға қалған G-Park құрылысы қашан аяқталатынын айтты
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданында өткен кездесуде айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Әкімнің сөзінше, бас қалада G-Park компаниясы құрылыс сала алмайды.

G-Park компаниясы ерекше бақылауда. Қазір қалада олар салып жатқан 12-13 нысан бар. Былтыр қыстан бастап, оларға (G-Park) жаңа құрылыс салуға рұқсат бермей жатырмыз. Олар 12 тұрғын үйді бітірмей, рұқсат алмайды, - дейді Астана әкімі.

Сонымен қатар қала әкімі әрбір үйдің құрылысы ерекше бақылауда екенін айтады.

G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетов түскен қаражатын осы үйлерге құйып жатыр. Ол (құрылысты) міндетті түрде бітіреді. Кешігіп жатыр, бірақ аяқтайды, - дейді Жеңіс Қасымбек.

Осыған дейін Астана әкімі неге қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттайтынын түсіндірген еді. 

Өзгелердің жаңалығы