Жеңіс Қасымбек Астананың жылу электр орталықтарына жаңғырту жұмысын жүргізбек

14 Қаңтар 2023, 16:28
961
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек Астананың жылу электр орталықтарына жаңғырту жұмысын жүргізбек

Жеңіс Қасымбек Астана қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жылу электр орталықтарында жаңғырту жұмысы жүргізілетінін әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ЖЭО-2-де 7 және 8 қазандықтың құрылысын жобалау ісі жүріп жатыр. Бұл қазандықтар сағатына қосымша 360 гигакалория қуат береді. Сондай-ақ ЖЭО-2 турбинасын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, ол электр қуатын 35 мегаваттқа арттырады. ЖЭО-1-де үш газ-мазутты қазандығы газға ауыстырылды, өсім - 50 гигакалория, бұдан өзге түтін құбырын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығы газға ауыстырылды, - деді қала әкімі. 

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек келесі жылыту маусымына дейін ЖЭО-3 және екі газ жылу стансасын қолданысқа беруді тапсырғанын хабарлады. Бұл шаралар жылумен жабдықтаудың қазіргі қуатын едәуір арттыруға әрі құрылысы жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы