Жеңіс Қасымбек Астананың ерекшелігін атады

5 Шілде 2023, 10:13
880
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек Астананың ерекшелігін атады
Фото: BAQ.KZ - архив

Әлемнің басқа қалаларымен салыстырғанда Астананы ең жылдам дамып келе жатқан қалалардың бірі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада өтіп жатқан бауырлас қалалар әкімдерінің форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімі Астана әлемдік ауқымдағы таланттарды, жастарды, туристерді, инвесторларды және компанияларды тартатын креативті экономикасы бар сауда ағындары үшін аймақтық хабқа айналғанын атап өтті.

Шағын және орта бизнеске негізделген қала экономикасының өзін-өзі қамтамасыз ететін құрылымы қалыптасты. Бүгінгі таңда біздің елордамыз – бұл экономикалық өсу мен дамудың қаласы ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз, күшті және сенімді дамып келе жатқан мемлекеттің бейнесі, - деді ол.

Қасымбек айтқандай, елордамызды мақтанышпен «Еуразия жүрегі» деп атаймыз.

Ғасырлар бойы қазақ жерінде сан алуан этнос өкілдері тоғысып, біртұтас ұлт болып қалыптасты. Ал бұл бірлік – біздің күшіміз. Әлемнің басқа қалаларымен салыстырғанда Астананы ең жылдам дамып келе жатқан қалалардың бірі деуге болады. Қалалар адамзаттың болашағы екенін бәріміз түсінеміз. Қалалардың жаһандық желісі жаңа шындықтың экономикалық және саяси негізіне айналды. Ірі қалалар экономикалық өсудің драйверлеріне айналды, - деп айтты қала мэрі форумда.

Жеңіс Қасымбек трендте болу үшін өмірдің жоғары сапасын қамтамасыз ету керегін айтты. Яғни бұл Астанада жұмыс істегісі келетіндер үшін бизнеспен айналысуға, қауіпсіз және жайлы өмір сүруге жағдай жасау дегенді білдіреді.

Қазіргі уақытта технологияларды, экономиканы дамыту және тәжірибе алмасу бұрынғыдан да маңызды. Бүгінгі форум аясында өзекті мәселелер көтерілетініне, әркім өзіне белгілі бір жауап табатынына сенімдімін, өйткені бәріміздің алдымызда бір сындар мен міндеттер тұр. Қала құрылысы – бұл екі қозғаушы күштің синергиясы: дамыған инфрақұрылым және сапалы қалалық басқару. Ал оның бәсекеге қабілеттілігінің үш факторы, ол – жаһандық экономикаға тартылған сауда секторларының болуы, қаланың таланттарды тарту қабілеті және инновациялардың үздіксіз генерациясын қамтамасыз ететін инновациялық экожүйенің болуы, - деп айтты Астана қаласының әкімі.

Өзгелердің жаңалығы