Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының жылыту маусымына дайындығын айтып берді

18 Мамыр 2021, 10:08
1842
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының жылыту маусымына дайындығын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Өткен күзгі-қысқы кезең тұрақты өтті. Бірақ министр (Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев – автор) атағандай, кейбір технологиялық апаттық жағдайлар болды. Биылғы ақпанда Теміртау қаласында 2-жылу электр орталығында бірден 3 қазандықтың жұмысы тоқтады. Бұл температуралық режимнің ауытқуына әкеліп, Теміртау қаласының тұрғындарын жылумен қамту сапасына да әсер етті, - деді ол.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2020 жылдың желтоқсанында Абай ауданындағы Топар ЖЭО-сында 14-қазандық бу құбырының екінші құбыры үзілген. Алайда бұл тұрғындардың жылумен қамтамасыз етілуіне әсер еткен жоқ.

Жылу оқшаулағыштарының болмауына қарамастан, М-1 жылу желісінде параметрлердің төмендегені байқалды. Барлық оқиғалар бойынша апаттық жағдайлар екі күнде жойылды. Өткен жылғы жылыту маусымындағы проблемалық мәселелерді ескере отырып, алдағы жылыту маусымында дайындық бойынша іс-шаралар әзірледік, - деді ол.

Әкім айтқандай, жөндеу жұмыстарына әртүрлі көздерден 69 млрд теңге бөлінді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5 млрд теңгеге артық. Жоспарда 21,1 млрд теңге сомасына 26 қазандық пен 15 турбинаны жөндеу көзделген. Жылыту маусымына 72 қазандық, 693 автономдық жылу жүйесі, 310 шақырым кәріз жүйелері әзірленді. Барлық станциялармен көмір жеткізу келісімшарты жасалды. Алдағы маусымда 4 млн тоннадан астам көмір жеткізіледі, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы