Жеңіс Қасымбек «Қарағанды - Балқаш» тасжолы қашан аяқталатынын айтты

29 Қараша 2021, 17:30
950
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек «Қарағанды - Балқаш» тасжолы қашан аяқталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қарағанды – Балқаш» автожолы толықтай қолданысқа қашан беріледі? Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жауап берді.

Бұл жобаны іске асырушы - жолдар комитеті. Қазір біз бірлесе істеу үстіндеміз. Биыл Қарағанды-Балқаш жолы екі жолақпен берілді. Негізі төрт жолақты жол. Жалпы келісім бойынша жоба 2023 жылы аяқталады. Алайда, министрліктің айтқан ақпараты бойынша, келесі жылы толығымен төрт жолақ та беріледі, онымен қоса абаттандыру жұмыстары да толығымен бітеді. Тек қана Қарағанды-Балқаш емес, Балқаштан ары қарай Жамбыл арқылы Алматыға баратын жол жұмыстарын да аяқтау көзделген, - дейді Қарағанды облысының әкімі.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Жеңіс Қасымбек облыста өнеркәсіп өндірісі 3,4 трлн теңгеге жеткенін айтқан. Сондай-ақ қара металлургияда көлем 12,4%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 11,9%-ға, фармацевтикада - 5,8 есе өскенін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы