Жеңілдетілген автонесиеге autonesie.kz сайты арқылы өтініш беру тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталған болатын. Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап autonesie.kz сайтында өтініштер қабылдана бастады. Алайда бағдарламаға қатысушылардың көптігінен өтініш беру 10-14 минуттан кейін тоқтатылды.
Платформада өтініш қалдыратын батырманы басқанда былай деп шығады.
Өтінім қабылдандабы. Автокөлік өндірушісіне қаржыландырудың еркін лимитінің болмауына байланысты өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Жаңа өтінім қабылдаудың іске қосылуын күтіңіз, - делінген сайттың хабарламасында.
Оқи отырыңыз: