Жеңіл атлетикадан өтетін Қазақстан чемпионатының уақыты өзгерді

6 Маусым 2021, 11:46
2283
Бөлісу:
Жеңіл атлетикадан өтетін Қазақстан чемпионатының уақыты өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі өтетін уақытты жариялады, деп хабарлады Olympic.kz. 

Аталған чемпионат 2-4 шілде аралығында жоспарланған болатын. Алайда, осы уақыт аралығында ұлттық құрама Алматыдағы Орталық стадионда дайындалады. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін барынша азайту үшін спорттық шараларды дәл қазір өткізбеу туралы шешім қабылданды. 

Өзгертулерге сәйкес, ел біріншілігі 28-30 маусым аралығында өтеді. Бұл ұлдар мен қыздар арасындағы ел чемпионатымен байланысты болмақ. 

Өзгелердің жаңалығы