Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Бұл жолы ұлттық құрама бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

 Ұлттық олимпиада комитеті 12 Шілде 2026, 22:24
12 Шілде 2026, 22:24
222
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы үш жүлдеге ие болды. Бұл жолы ұлттық құрама бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Жетісайыс қорытындысы бойынша Алина Чистякова күміс жүлдегер атанды.

Ал Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но және Дарья Гридасовадан құралған әйелдер құрамасы 4х100 метрлік эстафетада мәреге үшінші болып келіп, қола медаль иеленді.

Сондай-ақ 4х400 метрлік эстафетада Анна Шумило, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода және Мария Шуваловадан құралған Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль жеңіп алса, Максим Балабин мен Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанған болатын.

Наверх