Ясмина Тоқсанбаева жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Қазақстандық спортшы құрлық біріншілігінде үздік үштікке еніп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды.

 ҚР ҰОК 12 Шілде 2026, 20:17
12 Шілде 2026, 20:17
77
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Спорттық жүрістен 20 шақырым қашықтықта сынға түскен Ясмина Тоқсанбаева мәреге 1 сағат 41 минут 26 секундта жетіп, үшінші орын алды.

Алтын және күміс жүлделер Қытай спортшыларына бұйырды. Нин Цзиньлинь жарысты 1:38:24 нәтижесімен жеңіп шықса, Доу Маоцо 1:39:01 уақыт көрсетіп, екінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Эльмира Кәлімуллина жүлдеге бір қадам жетпей, бесінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс жүлде жеңіп алса, Максим Балабин сырықпен секіруден қола медаль иеленген болатын.

Наверх