Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да 2020 жылдағы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша мониторинг жұмысы туралы өткен брифингте айтты.
Өткен жылдың күз айында сауалнама жүргіздік. Ел бойынша 9 мың респонденттен сауалнама алынды. Оған қоса, «Ашық диалогтағы» 1,5 мың өтінішті зерделедік. Зерттеу жұмыстарына 200 сарапшы қатысты, оның ішінде 173 әлеуметтанушы мен 12 сарапшы бар. Халықтың сұранысына ие - мектеп пен аурухана, ХҚКО. Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Атырау, БҚО, Қарағанды облыстарындағы респонденттер келісу жиі болғанын айтты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша халық арасындағы 12,3 пайыз респондент жемқорлыққа тап болғанын айтты, - деді ол.
Шиянның айтуынша, халық аурухана, полиция, ХҚКО, мемлекеттік балабақшалар мен жер қатынастары сынды мемлекеттік органдарда жиі жемқорлыққа тап болатынын айтқан.
2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 пайызға төмен болып отыр. Респонденттердің айтуынша, ведомство мен мемлекеттік орган қызметкерлерінен жемқорлық бастамасы бірінші туындаған, - деді ол.
Оқи отырыңыз: