Желтоқсан қаһармандары Тәуелсіздікті бір табан жақындатты - Тоқаев

15 Желтоқсан 2021, 16:44
2193
Бөлісу:
Желтоқсан қаһармандары Тәуелсіздікті бір табан жақындатты -  Тоқаев

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  айтты.

Кешегі Желтоқсан қаһармандары Тәуелсіздікті бір табан жақындатқаны анық. Асқар тау алыстаған сайын асқақ көрінеді. Біздің бабаларымыз қазақтың дербес мемлекет құрып, еркін өмір сүруге құқылы екенін тарих алдында дәлелдеді.

Оның айтуынша, осылайша мыңжылдықтар тоғысатын тұста Азаттық туы көгімізде желбіреді.

Ұлттың ең ұлы мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол сәттен бастап Қазақ елінің ұлы көші болашаққа бет түзеді. Халқымыз өз мемлекетін құруға кірісті. Бұл – тарихи әділдіктің орнауы, - деп атап өтті ҚР Президенті.

Өзгелердің жаңалығы