Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы

1 Желтоқсан 2023, 01:29
14222
Бөлісу:
Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы
Фото: Артём Чурсинов Архив BAQ.KZ

"Қазгидромет" РМК желтоқсан айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Синоптиктердің болжамынша, биыл Қазақстанда қыс біртіндеп өз құзырына енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желтоқсанның басында және бір айдың ішінде республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: солтүстік өңірде қар, аракідік боран соғады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ жиі орын алады, айдың басында еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжанады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуына байланысты бүкіл ел аумағында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

  • елдің батысында ауа температурасы: түнде: -10...-20°C дейін, күндіз: -3...-13°C дейін;
  • солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта ауа температурасы түнде: -20...-30°C дейін, күндіз -10...-20°C дейін;
  • республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде: -10...-20°С дейін, күндіз: -2...-10°С дейін.
     

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары жүреді деп күтіледі:

  • ҚР солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -5...-10°С дейін, күндіз: 0...-5°С дейін жоғарылайды;
  • ҚР оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -3...+3°С дейін, күндіз: +5...+13°С дейін.

Алайда, жекелеген күндері солтүстік-батыстан енетін суық антициклондардың әсерінен температураның төмендеуі болжанады:

  • ҚР солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -20...-30°С дейін, күндіз: -8...-15°С дейін;
  • ҚР оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: -10...-17°С дейін, күндіз: -3...-10°С дейін.

Жалпы болжам бойынша желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1-2°жоғары болады деп күтіледі.

Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болады деп болжанады.

Өзгелердің жаңалығы