#Желмая. Ұлттық халық санағындағы жеке деректердің таралып кету қаупі бар ма?

13 Шілде 2021, 12:34
6120
Бөлісу:
#Желмая. Ұлттық халық санағындағы жеке деректердің таралып кету қаупі бар ма?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басқарма басшысы Бауыржан Әлжанов.

Ұлттық халық санағы дегеніміз не? Оның негізгі мақсаты тек халықтың санын есептеу ме? Санақ қанша жыл сайын өткізіліп тұрады? Елімізде халық санағы қашан өтеді? Халық санағы кезінде тұрғындарға саяси, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар қандай сұрақтар қойылады? Бұл ауқымды іс-шараға қанша адам атсалысады? Олар ерікті түрде қатыса ма? Қанша көлемде жалақы төленеді? Санақ қандай форматта өткізіледі? Халық санағы кезінде жұмыс істегісі келгендер қайда жүгіне алады? Осы және өзге де сұрақтарға жобаның қонағы жауап береді.


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Халықаралық сәулет академиясының мүшесі Серік Рүстембеков елорданың құрылысы жайында сөз қозғады.

Өзгелердің жаңалығы