#Желмая. Нұрділда Ораз: Бұл қиындықты тәртіпке бағыну арқылы еңсереміз

13 Сәуір 2020, 14:29
3470
Бөлісу:
#Желмая. Нұрділда Ораз: Бұл қиындықты тәртіпке бағыну арқылы еңсереміз
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – ҚР ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз.

Төтенше жағдай мерзімінде құқық қорғау органдарының жұмысы қалай жүруде? Карантин кезінде Қазақстан бойынша қанша блок-бекет қойылды, қанша санитарлық бекет бар? Блок-бекеттердегі қызметкерлердің жағдайы жасалған ба? Полицейлер арасында карантинге жабылғандар бар ма? Карантин кезінде бір қаладан екінші қалаға әдеттегі бағадан біршама жоғары теңгеге алып барамын деген қалааралық такси жүргізушілерін қадағалау жағы қалай болып жатыр? Осы және өзге де сауалдарға Нұрділда Ораз жауап берді.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Айта кетейік, "Желмаяның" бұған дейінгі қонағы "Әзіл-әлемі" әзіл-ысқақ театрының директоры Тұрсынбек Қабатов болды.

Өзгелердің жаңалығы