#Желмая. Ресейлік нөмір. 88 мың көлік айыппұл тұрағына қойыла ма?

17 Қараша 2021, 12:30
8750
Бөлісу:
#Желмая. Ресейлік нөмір. 88 мың көлік айыппұл тұрағына қойыла ма?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз. 

«Ауада» тұрған көлік саны қанша? Әлеуметтік желіде тарап жүрген құжаттар рас па? Тіркелмеген нөмірі бар көліктер жол қауіпсіздігін бұзғанда не істеу керек? Ішкі істер министрлігінің құзырына қандай сала кіреді? Ресей көліктерінің барлығы Қазақстанда тіркеуде тұруы керек пе? Ресеймен ортақ база қашан дайын болады? 

88 мың көліктің барлығы айыппұл тұрағына қойыла ма? Үйде тұрған ресейлік нөмірі бар көлікті алып кету мүмкін бе? Көліктерді Қазақстанда тіркеу Үкімет тарапынан жасалып жатыр ма? Ішкі істер органдарының реформалары қандай? Апаттық жағдайлар не себепті көбейіп кетті?


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Осыған дейін жоба қонағы «Астана» ФК капитаны Абзал Бейсебеков болған еді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы