#Желмая. Ел футболындағы шешімін таппай жүрген мәселелер қандай?

11 Қараша 2021, 12:30
7330
Бөлісу:
#Желмая. Ел футболындағы шешімін таппай жүрген мәселелер қандай?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы –«Астана» ФК капитаны Абзал Бейсебеков.

Абзал Бейсебеков үлкен спортқа қалай келді? Биыл «Астана» ФК қаржылық қиындықтарға тап болған, футболшы клубтан кетуі мүмкін бе? Ел халқының ала допқа деген көзқарасы қалай? Қазіргі қазақ футболында қандай мәселелер шешімін таппаған? Не жетіспейді? Футболшы көрермен сынын қалай қабылдайды? Ұлттық құрама ойыншыларының жаттығуы қалай жүреді? Құраманың жаңа бапкерінің талаптары қандай? Неліктен футболшыларымыз еуропалық ойыншылар секілді комбинациялық ойын көрсетпейді? Осы және өзге де сұрақтар жөнінде «Астана» ФК капитаны өз ойымен бөлісті. 


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Осыған дейін «Желмая» жобасына қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қонақ болған еді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы