Желіде танымал болған канадалық баскетболшы су тасқынымен қалай күресіп жатқанын айтты

12 Сәуір 2024, 17:30
954
Бөлісу:
Желіде танымал болған канадалық баскетболшы су тасқынымен қалай күресіп жатқанын айтты
Фото: автордан

Су тасқынына қарсы бөгеттерді бекіту жұмысына Атырауда тұратын шетел азаматтары да көмектесіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соның бірі – «Атырау барыстары» баскетбол клубының ойыншысы, Канада азаматы Майкл Окафор. Ол мұндай қиындықты елдің бірлігімен ғана жеңіп шығуға болатынын айтады.

Желіде танымал болған канадалық баскетболшы су тасқынымен қалай күресіп жатқанын айтты

Менің есімім – Майкл Окафор. Канададан келген «Атырау барыстары» баскетбол клубының ойыншысымын. Осы жағдайды естігенде командамызбен бірден көмектесуге келдік. Су тасқыны кезінде үйлерге су кірмес үшін бөгетті биіктетумен айналысып жатырмыз. Қаламызды табиғи апаттан сақтасақ, тұрғын ретіндегі борышымызды өтегеніміз, - деп басқа қазақстандықтарға жұмыла іс жасауға шақырып, үндеу тастады.

Желіде танымал болған канадалық баскетболшы су тасқынымен қалай күресіп жатқанын айтты

Майкл өз әріптестерінің бөгет соғу жұмысына белсене араласып, тынымсыз тер төгіп жатқанын дай айтты. Олардың арасында Ресей, Украина, Беларусь, АҚШ, Сербия, Канада, Литва, Латвия және Корея елдерінің өкілдері де бар.

Спортшылар қазіргі уақытта бөгет соғу жұмысымен айналысып жатыр. Күн сайын әртүрлі тапсырмалар түседі, соларды орындайды. Жігіттер қаптарды құммен толтырса, қыздар сол қаптарды дайындап көмектесіп жатыр. Басты міндет - қаптарды тасымалдау үшін тракторларға тиеу, бөгеттің табанына полиэтилен төсеу мен қаптармен нығайту, - дейді команда өкілі.

Желіде танымал болған канадалық баскетболшы су тасқынымен қалай күресіп жатқанын айтты

Әзірге барлық жұмыстар Алмалы ауылында жүргізілуде. 

Қазіргі уақытта жағдай қалыпты, өзен әлі бөгетке жақындаған жоқ. Әкімдікпен бірлесіп, асықпай, тартылған техниканың көмегімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Күнделікті «кезекшілік» ұйымдастырылады, жергілікті тұрғындарға барынша көмектесіп жатырмыз әлі де көмектесеміз. Жалпы баскетбол клубымыз ерікті ретінде әрқашан осындай іс-шараларға қатысуға тырысады. Мәселен балалар үйіне бару, мұқтаж жандарға киім-кешек және қаражат жинау, коронавирус кезінде ақпараттық жұмыс жүргізу сияқы, - дейді клубтың қоғаммен байланыс маманы Кирилл Горячко.

Желіде танымал болған канадалық баскетболшы су тасқынымен қалай күресіп жатқанын айтты
Өзгелердің жаңалығы