Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікпен ұсталған адамның суреті жарияланды.
Бұл туралы Qumash_kz хабарлады.
Белгілі болғандай, оның есімі Рахманберді Төребеков.
11 сәуірде 28 жасқа толады. Мектепті «Алтын белгіге» бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында фармацевт мамандығын алып шыққан.
Оның ВКонтакте желісіндегі статусы да табылыпты. Онда: «Улыбнись жизни — и она обязательно улыбнется тебе в ответ» деп жазылған екен.
Еске салсақ, 22 наурызда 19 жастағы Аяжан Еділованың денесі табылған болатын. Полицейлердің айтуынша, қылмыскер оның денесін бөлшектеп тастаған. Бүгін 19 жастағы қызды өлтірген күдікті ауруханадан абақтыға ауыстырылғаны анықталды. Белгілі болғандай оқиға орнында ұсталған кезде ол өзіне қол салмақ болып, денесін жарақаттаған көрінеді.
Оқи отырыңыз: