19 жастағы қызды өлтірген күдікті ауруханадан абақтыға ауыстырылды

29 Наурыз 2021, 11:23
5424
Бөлісу:
19 жастағы қызды өлтірген күдікті ауруханадан абақтыға ауыстырылды

Алматы, BAQ.KZ. Аяжан Еділованы өлтірген 28 жастағы күдікті ауруханадан шығарылып, тергеу орнына ауыстырылды. 

Алматы қаласы Прокуратурасы таратқан мәліметте, күдікті сотқа дейінгі тергеуге дейін қамау изоляторына алынғаны айтылады.

Тергеу жалғасып жатыр. Күдікті айыпталған бап бойынша оған 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматыда 19 наурыз күні студент қыз жоғалып кеткен. 22 наурыз күні қыздың денесі табылғаны белгілі болды.

Кейін қыздың туыстары марқұмның денесі бөлшектенгенін хабарлады. Күдікті ретінде 28 жастағы Түркістан облысының тумасы ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы