Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қазанда Қазақстанның солтүстік бөлігінде циклон және сонымен ілесе келген атмосфералық ағындардың салдарынан ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейеді
Еліміздің қалған өңірлерінде орталығы Қарағанды облысында орналасқан антициклон әсерінен ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың кей жерінде тұман түсуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Ақмола, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал. Атырау облысында кей жерде тұман түседі. Алматы облысында түнде кей жерде 1 градус үсік жүреді.
Оқи отырыңыз: