Жексенбі, 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

4 Қыркүйек 2022, 08:10
1399
Бөлісу:
Жексенбі, 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері жексенбі, 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінің күн райына бұрынғыша құрғақ болып келетін антициклон әсер етеді. Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Республиканың батыс, солтүстік, оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Өзгелердің жаңалығы