Жексенбі, 3 наурызға арналған ауа райы болжамы

3 Наурыз 2024, 06:50
606
Бөлісу:
Жексенбі, 3 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК наурыздың 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында ғана антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, күндіз елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы