Жеке тұлғаның табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру мерзімі басталды

26 Қаңтар 2022, 19:16
2553
Бөлісу:
Жеке тұлғаның табысы мен мүлкі туралы  декларацияны тапсыру мерзімі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысан) тапсыру мерзімі аяқталды. Бірінші кезең аясында декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған. 

Ағымдағы жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00 нысан). 

Онда есепті күнтізбелік жылы алынған кірістері, салық шегерімдері, мүлкі, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы мәліметтер көрсетіледі, - делінген ақпаратта.

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz), eSalyq Аzamat мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде мемлекеттік кірістер органдарына немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп қолма-қол тапсыруға немесе пошта арқылы жіберуге болады.

Бірінші кезеңдегі жеке тұлғалар үшін табысы мен мүлкі туралы декларацияны қағаз түрінде 2022 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, электронды түрде 2022 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыру қажет.

 

Өзгелердің жаңалығы