Жеке тұлға банкроттығы: Арыз қалай қаралады?

31 Наурыз 2023, 17:32
1152
Бөлісу:
Жеке тұлға банкроттығы: Арыз қалай қаралады?
Фото: seyminfo.ru

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін елімізде өзін банкрот жариялаған азаматтар саны 34  мың екенін жазған едік.

Біз 15 жұмыс күні ішінде арыздарды қарау бойынша бірінші тараптан қорытынды шығаруымыз тиіс. Онда арызды қабылдаймыз ба, әлде әрі қарай қайтарамыз ба сол мәселе қаралады, - деді спикер.

Вице-министр арызда мыналар қаралады:

Біріншіден, банк, микроқаржылық ұйымдар (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз 5,5 млнтеңгеден аспауы тиіс (1600 АЕК).

Екіншіден, қарыз 12 айдың ішінде төленбегені тексеріледі.

Үшіншіден, ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (автокөлік, пәтер, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.).

Төртіншіден, банк пен мироқаржылық ұйымдарының алдында реттеу рәсімі өткізілген, өткізмегені қарастырылады.

Атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін бөлек тексеріс жүргізіледі, - деді Ержан Біржанов. 

Өзгелердің жаңалығы