Жеке табельді үшінші тұлғаға ұсынғандарға айыппұл салынады

8 Ақпан 2022, 13:44
1125
Бөлісу:
Жеке табельді үшінші тұлғаға ұсынғандарға айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Әйгерім Марденова хабарлады. Оның айтуынша, үйірмеге бір ай қатысқан соң баланың ата-анасына келу есебінің электрондық табелі жіберіледі. 

Табель ұсынылып, оған келісімге қол қоярда баланың заңды өкіліне электрондық табельде көрсетілген есептің растығына жеткізушімен бірдей жауапкершілік жүктеледі. Ата-аналарға электрондық табельді жеткізуші әр айдың 5-не дейін ұсыну тиістігін ескертеміз. Табельді ұсынған кезде ата-анадан табельдегі деректерді уақытылы растауды сұраймыз, - деп атап өтті бөлім басшысы. 

Сондай-ақ әр ата-анаға порталға тіркелген кезде жеке есеп жазбасы ұсынылады деп отыр. Сонымен қатар табельді үшінші тұлғаға ұсынудың соңы неге алып келетінін алға тартты. 

Ол жерде дербес ақпараттар болады. Оны сенімхатсыз үшінші тұлғаға ұсыну әкімшілік жазаға алып келеді, соның ішінде ата-анаға да айыппұл салынады, - деді Әйгерім Марденова.

Еске сала кетейік, бұған дейін баланы тегін үйірмеге қалай жазуға болатыны туралы жазған едік.   

Өзгелердің жаңалығы