Балаңызды тегін үйірмеге қалай жазуға болады?

8 Ақпан 2022, 13:00
3438
Бөлісу:
Балаңызды тегін үйірмеге қалай жазуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Әйгерім Марденова хабарлады. Оның айтуынша, балалар мен жасөспірімдер 59 түрлі үйірмеге тегін қатысуына болады. 

Балалар мен жасөспірімдер үйірменің 59 түріне тегін қатысуына мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама  кәмелетке жасқа толмағандарға арналған. Қызметті алушылар ретінде 4 жасқа толған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі саналады. Сондай-ақ қаламызда мәдени қажеттілікті ескере отырып, күн сайын бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған 6 немесе 10 жастағы балаларды қабылдайтын үйірмелер де жұмыс істеп тұр, - деп атап өтті бөлім басшысы. 

Сонымен қатар баласының бос уақытын тиімді өткізу үшін ата-аналар үйірмелерге қалай жазылуға болатынын айтты. 

Бүгінгі таңда artsport.edu.kz порталы жұмыс істеп тұр. Өтініш беру мен ваучер алу барынша жеңілдетілген. Заңды өкіл порталда тіркелген соң баланың деректерін тіркеп, «Менің өтініштерім» бөліміне өтіп, жолдама мен картадан үйірменің орналасқан жерін таңдайды. Ол жерде өтініштерін оператор растаған қызметті жеткізушілер көрсетілген. Өтініш берген соң ваучерді алу үшін жеткізушілермен хабарласып, келісімшарт жасасу үшін анықтама ұсыну қажет. Ата-ана баланың денсаулығы мен эпидшеңбері туралы анықтама, жеке және туу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады, - деді Әйгерім Марденова. 

Айта кетерлігі, ваучерді алған соң ата-анаға келісімшарт жасасу үшін 10 күнтізбелік күн беріледі. 

Шарт жасаспаған жағдайда ваучердің күші жойылады. Осы мерзімде 2 тегін үйірмеге бару мүмкіндігі ұсынылады. Әрі осы уақыт ішінде бала бұл үйірмеге әрі қарай бара ма, жоқ па, сол туралы шешім қабылдайды. Ата-ана мен жеткізушінің арасындағы қағазбастылықтан арылуға да көмектеседі, - деп отыр басқарма өкілі. 

Өзгелердің жаңалығы