Жеке сот орындаушылар жұмысындағы кемшіліктер белгілі болды

23 Ақпан 2022, 10:29
1982
Бөлісу:
Жеке сот орындаушылар жұмысындағы кемшіліктер белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының басқарма төрағасы Ернар Ибраев  «Атқарушылық іс жүргізуде азаматтардың құқықтарын қорғау, проблемалар және оларды шешу жолдары» дөңгелек үстелі барысында айтты.

 Жеке сот орындаушылары жұмысында әлі де кемшіліктер бар екенін мойындаймыз және ашық айтамыз. Бірақ сонымен бірге, жекелеген мемлекеттік органдар тарапынан атқару жүйесіне әсер ететін кемшіліктер де бар, - деді Ернар Ибраев.

Оның айтуынша, 2021 жылы 44 742 төленген айыппұл және 52 589 төленген салық жеке сот орындаушыларға орындау үшін түскен. 

Ол дегеніміз істі қозғап, шара қолданғаннан кейін сот орындаушылардың үстіне 100 000-ға жуық азаматтардан  түскен шағымы, ал алдын ала сот орындаушыға төленген-төленбеген айыппұлды тексеруге мүмкіндік жоқ.Негізгі мәселе – бюджетке сомалардың түсу фактілерін тіркейтін бірыңғай электронды жүйенің жоқтығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің (ӘҚБТ АЖ) қолданыстағы ақпараттық жүйесінде кемшіліктер бар, - деді Ибраев. 

Ол атағандай,  осылайша, төленген айыппұлдар орындау үшін ӘҚБТ арқылы түспейді деп болжанған, себебі жүйе барлық екінші деңгейдегі банктермен мен біріктірілген. 

Бірақ тәжірибе керісінше. Осы мәселелерді шешу үшін ӘҚБТ және біріктірілген салықтық ақпарат жүйесі төленген айыппұлдар мен салықтардың бағытын алып тастау бөлігінде тиісті жұмыстарды жүргізу және барлық әкімшілік тәжірибенің мемлекеттік органдарына атқарушылық құжаттарды ӘҚБТ арқылы жіберуді қамтамасыз ету қажет, - деді Ернар Ибраев.

 

Өзгелердің жаңалығы