"Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар". "Қапқарашка" Элизат Беріковамен ара-қатынасы жайлы айтты

25 Желтоқсан 2023, 14:35
1926
Бөлісу:
"Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар". "Қапқарашка" Элизат Беріковамен ара-қатынасы жайлы айтты
Фото: Нұржан Керменбаевтың Instagram-дағы парақшасынан

"Қапқарашка" лақап атымен танымал "Арнау" тобының әншісі Нұржан Керменбаев КешYou тобының бұрынғы солисі Элизат Беріковамен ара-қатынасы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында қос әнші "Біздің махаббат" әнін жазып, көпшілікке ұсынды. Жанұясы бар әншінің бойжеткенмен осындай ән айтуы, әрі Элизатпен түскен видеоларын әлеуметтік желіге жиі жүктеуі оның тыңдармандарының ашуын туғызды. 

Нұржанның Элизатпен түскен видеосының астына оқырмандар көптеген жағымсыз пікір қалдырды. Біреуі Элизатты қаралап, "Басы бос жігіттер жетеді емес пе?! Отбасылы адамға неге тиісесіңдер?!" десе, екіншісі Нұржаннан ондайды күтпегенін айтып, "Басқа Нұржаннан күтсем де, Нұржан Керменбаевтан ондайды күтпеймін!!!! Екеуің жыртыңдап, интрига жасай бермеңдер! Нұреке сіздің әп әдемі Ханшайымыңыз бар ғой, за чеееем всё этоооо(" дегендер де болды.

Араға бірнеше күн салып, Нұржан Керменбаевтың өзі де пікір білдірді. Ол өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниелерге мән беру керегін атап өтті. 

Тыңдармандарымыз жеке өмірді емес, дәл осылай шығармашылығымызды зерттесе ғой. Қаншама жазған әндерімізге мән беріп, сөздерін түсініп тыңдаса ғой. Ол жақта да көптеген пікір жазуға болатын ойлар жатыр. Өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниелерге мән берейік, достар! Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар. Барлығыңызды құшақтадым, - деді Керменбаев.

Айта кетейік, Нұржан Керменбаев 1989 жылы Сәтбаев қаласында дүниеге келді.  2006 жылғы «SuperStar KZ» мегажобасының жеңімпазы атанған ол қазір көпшілік сүйіп тыңдайтын әншіге айналды. 

2008 жылы "Арнау"дуэтінде ән айта бастады. 2012 жылы жеке шығармашылығымен айналыса бастады. 

2015 жылы Нұржан Керменбаев Назерке есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерді. Қазір үш ұл және бір қызы бар.

Өзгелердің жаңалығы