Жеке кәсіпкерлердің назарына!

6 Маусым 2021, 20:14
1462
Бөлісу:
Жеке кәсіпкерлердің назарына!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкіметтің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларына сәйкес кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды - делінген агенттік ақпаратында.

Аккредиттеу алу үшiн қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Аккредиттеу алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі – осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы: Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 10-кіреберіс (кеңсе) мекенжайы бойынша Есеп комитетіне ұсынылады.

Қосымша ақпарат алу үшін 706951 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы