Жеке IT-мектептерден өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйекте басталады – Мусин

31 Тамыз 2022, 13:10
1073
Бөлісу:
Жеке IT-мектептерден өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйекте басталады – Мусин

Қазақстандық жекеменшік IT-мектептер мамандар даярлау үшін ваучерлер алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Өтінімді  сайт арқылы беруге болады.

Tech Orda бағдарламасы бойынша барлығы 600 мың теңгеге дейін 3 мың ваучер бөлінеді.

Өткен жылы біз осы бағдарламаны пилоттық жоба ретінде өткізіп, ол кезде біз 13 жекеменшік IT-мектепті қаржыландырдық, 100 студент білім алды. Әр студентке ваучер 600 мың теңге. Биыл біз бұл жұмысты жалғастырамыз, бірақ ваучерлер санын арттыруды жоспарлап отырмыз. IT-мамандарды даярлау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында: Президент 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-мамандарды даярлау міндетін қойған болатын. Олардың 20 мыңын біз Astana Hub Технопаркімен бірлесе отырып даярлайтын боламыз, - деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. 

Жас, креативті, бәсекеге қабілетті IT-таланттарды тәрбиелеу-бұл уақыт талабы. 

Әлемде күннен-күнге жаһандық өзгерістер болып жатыр, IТ және технологиялар саласында сапаға қойылатын талаптар өсуде. Сондықтан біздің еліміз үшін бұл өте маңызды. Tech Orda бағдарламасы-бұл қазақстандықтар үшін сапалы IT-білімді тегін алудың бірегей мүмкіндігі. Бағдарлама болашақта көптеген сапалы IT-жоба беретініне сенімдімін. Жеке IT-мектептерден өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйекте басталады. Жеке IT-мектептерді бағдарламаға қатысуға және белсенді өтінім беруге шақырамын, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы