Қазақстанда кибершабуыл салдарынан жеке деректері интернетке тарап кеткен азаматтар оларды өзгерту үшін уәкілетті органға жүгіне алады. Бұл туралы Құрылтайдағы брифингте ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Брифинг барысында журналистер жеке деректердің интернетке тарап кеткені расталған жағдайда азаматтардың оларды өзгертуге мүмкіндігі бар-жоғын сұрады.
Жандос Сүйінбайдың айтуынша, кибершабуыл салдарынан жеке мәліметтері жария болған азаматтар деректерін өзгерту мәселесі бойынша уәкілетті органға жүгіне алады.
Әр азамат осындай шабуылдардың салдарынан зардап шегіп, оның деректері жарияланған болса, уәкілетті органға жүгініп, деректерін өзгертуге құқылы, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ІІМ Азат Перуашевке жасалған кибершабуыл жайлы түсіндірді.