Жеке адамдардың мүддесі сотта жоғары деңгейде қорғала бермейді – Сәдуақасов

25 Қаңтар 2021, 17:05
1725
Бөлісу:
Жеке адамдардың мүддесі сотта жоғары деңгейде қорғала бермейді – Сәдуақасов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Сәдуақасов Айдос ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты. 

2020 жылдың 29 маусымында біздің елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданды. Өз Жолдауында Президент «азаматтар арасында жария құқықтық дауларды реттеу керек» деген болатын. Мемлекеттік орган мен жеке адамдардың арасында болатын құқықтық дауларда жеке адамға құқықтық қолдау көрсету үшін әкімшілік әділет жүйесін қалыптастыру бойынша тапсырма берген болатын, - деді ол. 

Айдос Сәдуақасов атап өткендей, қоғамның әртүрлі саласында туындаған даулар бойынша мемлекеттік органдар лауазымды адамдардың шешімімен келіспей жатады. 

Көп жағдайда жеке адамдардың мүддесі сотта жоғары деңгейде қорғала бермейді. Себебі жария даулы мәселелер азаматтық-процестік кодекс шеңберінде қаралады. Ол бойынша тараптар тең. Бұл жерде мемлекеттік орган мен жеке адамның мүмкіндігін салыстыра алмайсыз. Сондықтан теңсіздік туындауы мүмкін. Жаңа заң енуіне 1 жыл уақыт берілді. Оған дейін соттар мен өзге мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар оны меңгеруі тиіс, - деді ол. 

Айта кетейік, биыл шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы