Жээнбеков ел мүддесін барлық мүддеден жоғары қоюға шақырды

6 Қазан 2020, 10:09
1363
Бөлісу:
Жээнбеков ел мүддесін барлық мүддеден жоғары қоюға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева «Кабар» агенттігіне Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков жағдайды бақылап отырғанын және барлық саяси күш елдің мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятынына, қоғамның ажырауы мен ел азаматтарын толғандыратын басқа да қауіптерге жол бермейтініне сенім білдіретінін хабарлады. 

Барлық күш-жігерді елді құқықтық арнаға бұру үшін бағыттайды. Бұл, ең алдымен, бір күн бұрын елімізде өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларына қатысты. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссиясына заң бұзушылықтарға байланысты материалдарды мұқият зерделеуді, соның ішінде парламенттік сайлау қорытындыларының күшін жоюды ұсынды, - деді ол. 

Баспасөз хатшысы атап өткендей, қырғыздар бұған дейін екі халық көтерілісін бастан өткерді және бейбітшілік пен тұрақтылықтың бағасын жақсы білмейді. 

Сондықтан Президент Сооронбай Жээнбековтің барлық күш-жігері таяу уақытта елді бейбіт арнаға қайтаруға бағытталатынын атап өткім келеді. Мемлекет басшысы еліміздің барлық саяси күштерін Қырғызстан мен оның азаматтары үшін сақтық танытуға шақырады. Қазір ол Бішкекте, - деді Стамалаиева.

Өзгелердің жаңалығы