Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Дәкебаев сотталды

23 Тамыз 2024, 17:44
1861
Бөлісу:
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Дәкебаев сотталды
Фото: Видеодан кадр

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісін сабаған Нұрболат Дәкебаевқа үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық соты Нұрболат Дәкебаевтың қылмысы дәлелденді деп тапты. Жүргізушінің өзі "арандатты" деген нұсқаға сыни қарайтынын мәлімдеді. Сот Дәкебаевты 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Соңғы сөзінде Нұрболат Дәкебаев жәбірленушіден, қоғамнан кешірім сұрап, өзін бас бостандығынан айырмауды өтінген еді. Ол тергеу изоляторында 7 ай отырған. Оның тергеу изоляторында отырған бір күні түзету мекемесінде екі күн болып есептеледі.

Жәбірленуші сотталушыдан 5 млн теңге талап еткен. Сот шешімімен Дәкебаев 2 млн теңге өтеуге міндеттелді.

Еске салайық, 27 қаңтарда түнде шақыртумен бір жасар балаға барған жедел жәрдем жүргізушісі мен айыпталушының арасында жанжал туған еді. Арты төбелеске ұласып, жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды.

Кейін қаскөйдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Зорлық-зомбылық құрбаны болған жүргізуші оқиғаның мән-жайын баяндап берді. Кейін іздеуде жүрген күдікті, кешірім сұрап, өз еркімен берілетінін айтып, видео жолдаған еді.

Ал Мәжіліс депутаты "кеше Бишімбаев, бүгін Дәкебаев" дей отырып, қылмыскерлерді қатаң жазалауды сұраған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы