Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

27 Қаңтар 2024, 18:09
693
Бөлісу:
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: видеодан кадр

"Жедел жәрдем" жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген Қарағанды тұрғыны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның видеосы тарады. Әуелі ол жүргізушіге көлікті шетке қоймадың деп айтып, кейін оған қол көтерген.

Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та пікір білдірді.

Азаматтар біздің фельдшерлер мен „103“ жүргізушілерінің қандай қиын жағдайда жұмыс істейтінін әрдайым түсіне бермейді. Өкінішке қарай, мұндай агрессия жағдайлары, жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасау жиі болады және олар заңмен қатаң түрде кінәлілерді жазалауды талап етеді, — дейді министрлік басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы