Жеңіс Қасымбек Теміртауды дамыту бойынша міндеттер қойды

20 Желтоқсан 2019, 00:32
4417
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек Теміртауды дамыту бойынша міндеттер қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау қаласында алдағы жылдарға арналған іс-қимыл жоспары талқыланды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қала басшылығының алдына тұрғындардың өмірін жақсарту үшін нақты міндеттер қойды. Облыс әкімі теміртаулықтар үшін ең өзекті болып табылатын мәселелер: экологияны сауықтыру, тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру, тұрақты жылыту, қоғамдық көлікті, лифт шаруашылығын жаңарту, инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне назар аударды.

Жұмыс жүргізілуде, бірақ шешілмеген мәселелер әлі де бар. Қала экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды. Өңдеу секторында өндіріс көлемі төмендеді. Негізгі себеп - "АрселорМиттал Теміртаудағы" жалпақ илем өндірісі көлемінің азаюы. Бұл қаланың жүйе құраушы кәсіпорынның көрсеткіштеріне қатты тәуелділігін көрсетеді. Комбинат ақсауда, бүкіл қала ақсап жатыр, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Жергілікті биліктің бизнесті дамытуға деген көзқарасы сөз болды. Теміртауда соңғы жылы ШОБ-пен жұмыс істейтіндердің саны 1 500 адамға азайды. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 22,4% құрайды.

Бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісінің қорытындысы бойынша Теміртау 197 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың арасында 131-орында тұр. Бұл облыс бойынша ең нашар нәтиже. Сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлер көлік инфрақұрылымы, коммуналдық желілер проблемаларымен, сыбайлас жемқорлықпен және мемлекеттік органдардың араласуымен, сондай-ақ жергілікті билік пен қала құраушы кәсіпорын тарапынан бизнестің қаржылық қолдауының жеткіліксіздігімен бетпе-бет келеді, - деді Жеңіс Қасымбек.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша облыс бойынша 65 отандық кәсіпорын 10 млрд теңгеден астам сомаға жеңілдікті несие алды. Бұл ретте Теміртау бойынша жобалар жоқ. Барлығы 5 бизнес-идея.

Неге белсенділік осыншама төмен? - деп сұрады Жеңіс Қасымбек қала әкімінен. - Теміртау облыс орталығы мен Астанадан қадам аттам жерде орналасқан. Неге жобалар жүрмейді? Осымен айналысыңыздар!

Бұдан басқа, аймақ басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру үшін инвесторларды белсенді іздестіруді тапсырды.

Облыс әкімі қоғамдық көлік жұмысын сынға алды.

Автобустар тозған және іс жүзінде жаңартылмаған. Биылғы жылы тасымалдаушылар тек 4 жаңа автобус сатып алды. Жақын арада сіздердің тасымалдаушылармен жаңа келісімшарттарға қол қоюларыңыз қажет. Онда паркті жаңарту жөніндегі талап көрсетілуін қадағалаңыз. Бес жастан асқан автобустары бар тасымалдаушылар конкурсқа қатысуға тиіс емес. Егер жаңартуды қаламаса, басқа компанияларды жұмылдырамыз. Келесі жылы автопарктің 50%-ын жаңартуды тапсырамын, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысы Теміртаудағы экологиялық жағдайды сауықтыру жөніндегі Кешенді жоспардың орындалуын, сондай-ақ жылыту маусымының өтуін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Қалалық билік жұмыссыздықты төмендету үшін NEET-жастармен жұмысты күшейтуі тиіс.

Көріп отырғандарыңыздай, сұрақтар көп. Олардың барлығы шешімді, қаржылық салымдарды талап етеді. Биыл Қала бюджеті 28%-ға өсті, 2020 жылға тағы да 7 млрд теңгеге артық қаржы қарастырамыз. Біз сіздердің тұрақты жұмыс істеулеруңізді қалаймыз, комбинат өзінің 60 жылдығын, Теміртаудың 75 жылдық мерейтойын лайықты атап өтті. Өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Жеңіс Қасымбек.


Өзгелердің жаңалығы