Жеңіс Қасымбек ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады

4 Қазан 2020, 11:32
1650
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ұстаздарды мерекесімен құттықтады. 

Жеңіс Қасымбек бүгінгі күні ұстаздар қауымының білім беріп қана қоймай, сонымен қатар жас ұрпаққа адалдық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен патриотизмнің үлгісін көрсетуі аса маңызды екенін айтты. 

Құрметті ұстаздар, қызметкерлер және білім берусаласының ардагерлері! Қазан айының бірінші жексенбісінде біз өмірімізге бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі Мұғалімдер күнін атап өтеміз. Біздің әрқайсымыздың өмірімізде білімнің нұрын сеуіп, азамат болып қалыптасуымызда үлкен із қалдырған, өзінің даналығымен, терең парасатымен бойымыздағы қарым-қабілетімізді ұштап, болашақ мамандығымызды таңдауға, өмірге жолдама алуға үлес қосқан аяулы да, ардақты ұстаздарымыз бар. Бүгінгі күні ұстаздар қауымының білім беріп қана қоймай, сонымен қатар жас ұрпаққа адалдық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен патриотизмнің үлгісін көрсетуі аса маңызды, - деп жазды ол. 

Өзгелердің жаңалығы