Жеңіс Қасымбек карантиннен соң бірқатар нысан ашылатынын айтты

23 Шілде 2020, 14:45
1582
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек карантиннен соң бірқатар нысан ашылатынын айтты

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын тексердім, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек facebook-тегі парақшасында.

Биылғы жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының арқасында қаланың барлық мектептері мен балабақшалары, аула аумақтары жөнделіп, абаттандырылуда. Бұл қаланың болашағына салынатын үлкен инвестициялар болып табылады.Қарағандыда ЖҚЖК бойынша 144 әлеуметтік нысанда жұмыстар жүргізілуде. Жөндеудің басты шарты жұмыс орындарын құру болып табылады. Осылайша, жөндеу жұмыстары кезінде қалада қосымша 7 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Олардың жартысы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды, - деді ол. 

Әкім атағандай, қаланың 30-шы шағын ауданында 1 200 оқушыға арналған жаңа мектеп пайда болды. 
Қыркүйек айына қарай білім ордасы өз жұмысын бастайтын болады. Сондай-ақ жаңа балалар мен жасөспірімдер сарайы салынуда. Пандемияға байланысты кестеден аздаған артта қалушылықтар бар. Бұл нысанның балалардың көңілінен шығатынына сенім мол.Сондай-ақ карантин аяқталған соң жаңа теннис корты жұмысын бастайтын болады. Бұл нысан аталған спорт түрін қолжетімді етеді. 8 мың шаршы метрден астам алаңда жеті жабық және төрт ашық корт орналасқан. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың балаларына да тегін сабақтар өткізілетін болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы