Жеңіс-75. ҚХА мен эстрада жұлдыздары бейнебаян түсірді

9 Мамыр 2020, 10:30
2727
Бөлісу:
Жеңіс-75. ҚХА мен эстрада жұлдыздары бейнебаян түсірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейнебаян соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған.

Жылдығы 75 қарсаңында Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы All Davai, Mysterions, Nuri тобы, Indigo және Jaffa топтары мен Абдулкарим Каримов сынды қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған бейнеклип дайындады. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш шығармашылық жобаны Алматы қаласы ҚХА Хатшылығы, ҚХА РМД "Жаңғыру Жолы", ЖҚ "SYNERGY", Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы "Жарасым" РМҰ ұйымдастырған.

Біздің миллиондаған отандастарымыздың ерлігі бүгінгі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Біздің агрессорлардан бос бейбіт заманда өмір сүруімізге мүмкіндік берген баға жетпес ерліктерін ешқашан ұмытпақ емеспіз. Бұл - тарих, біз үшін ата-бабаларымыздың тарихы. Осы жарқын естелікті жаңа ұрпаққа жеткізу - біздің қасиетті парызымыз. Ауыр соғыс жылдары келмеске кетті. Жауынгерлер Отанды қорғаймыз деп жандарын пида етті. Ұлтқа, дін мен нәсілге бөлінбеді. Рухтары күшті болды. Ол – бірлік рухы. Ол рух, қайрат, жігер қазіргі қазақстандықтардың басын біріктіруші негізгі фактор, - дейді Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайрыев.
Өзгелердің жаңалығы