Жазылып кетесіздер. Цой зардап шеккен әскерилердің жағдайын білді

27 Тамыз 2021, 16:24
12472
Бөлісу:
Жазылып кетесіздер. Цой зардап шеккен әскерилердің жағдайын білді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысына Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Жамбыл облысының орталығында ауруханада жатқан әскери қызметкерлердің жағдайын барып білді.

Медицина қызметкерлері сіздердің денсаулықтарыңызды қалыпқа келтіру үшін барлығын істеп жатыр. Бүгін Мемлекет басшысы да зардап шеккен барлық азамат жан-жақты медициналық көмек алуына назар аударды. Өңірде кешеден бері көмек көрсетіліп жатыр. Кеше 36 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Медицина қызметкерлерінің жұмысына да алғыс айту керек. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайы тұрақты. Өңірде қажетті медикаменттер бар, - деді ол.
Министр қазір ең бастысы науқастардың тезірек жазылып кетуі екенін айтты.

Ол палаталарды аралап, науқастардың жағдайын өзі барып сұрады. Ауруханада науқастар орташа және жеңіл дәрежелі жарақаттармен жатыр.

Жазылып кетесіздер. Уайымдамаңыздар. Ең алдымен, әрине, шок күйінде болдыңыздар. Барлығы қалпына келеді. Бастысы іштегі талпыныс жақсы болуы керек. Медицина қызметкерлері барлық күш жігерін емдеуге жұмсап жатыр. Арнайы сіздердің жағдайларыңызды білу үшін келдік, - деді Цой.
Министр Таразда медицина қызметкерлері жеткілікті екенін айты.
Елордадан мамандар келіп, жергілікті медицина қызметкерлеріне емдеу бойынша қолдау көрсетті. Ауруханадағы дәрігерлер стандартты дұрыс жүргізіп жатыр. Емдеу шаралары тиімді жүргізіліп жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты, шок күйінен шықты. Медициналық көмекке 98 адам жүгінді. Оны 28-і ғана ауруханаға жатқызылды. 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жаңа одан өзге науқастардың жағдайын көрдік, - деді ол.
Осыған дейін министр жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайы туралы айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы