Цой Жамбылда жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайын айтты

27 Тамыз 2021, 15:57
13679
Бөлісу:
Цой Жамбылда жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысына Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой барды. Ол жансақтау бөлімінде жатқан азаматтардың жағдайы туралы айтып берді.

Біз қараған екі науқастың жағдайы тұрақты ауыр болып отыр. Санитарлық авиация мамандары емдеуді жолға қойған. Қазір күю дәрежесінің жоғарылығына байланысты науқастарда шок күйі тіркеліп отыр. Қазір барынша медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдай тұрақтанды. Біз аталған науқастар жазылып кетеді деп үміттенеміз. Медициналық қажетті барлық процедура сол мақсатта жасалып жатыр, - деді ол.
Цой науқастарды эвакуациялауға қатысты жағдайды түсіндірді.
Науқастар шок күйінде болғанда, оларға тыныштық керек. Біздің дәрігерлер айтқандай, бұл жерде бұрыннан күйік шалуды емдейтін бөлім жұмыс істейді. Мамандардың тәжірибесі мол. Сондықтан өңірде де науқастарға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Нұр-Сұлтаннан медицина мамандары келді. Олар емдеу тәжірибесін қолдады. Қазір жағдай бақылауда. Қосымша көмек қажет болса, міндетті түрде көрсетіледі. Науқастар қан препараттарын қабылдап жатыр. Қан орталығында науқастарға құйылатын қан жеткілікті. Жаңа ғана оны өзіміз көріп шықтық, - деді ол.

Цой, айтқандай, елордадан 3 маман оқиға орнына жеткен.
Жансақтау бөлімінде 5 науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Қалғандарының жағдайы жақсы. Барлығы қажетті көмекті алып отыр, - деді Цой.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы қоймадағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны 9-ға жетті.
Өзгелердің жаңалығы