Жазадан құтылу үшін үржарлық әйел "жүкті болып қалды"

12 Сәуір 2023, 20:17
1022
Бөлісу:
Жазадан құтылу үшін үржарлық әйел "жүкті болып қалды"
Фото: azattyq-ruhy.kz

Әйел мұндай әрекетке басқа қылмыстан жалтару үшін барған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы наурызда аудандық сотта Үржар ауылының тұрғыны Т.А.Ж. қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1 бөлігі бойынша көлікті мас күйінде жүргізу фактісі бойынша іс қаралды. Бұл бап бойынша адам не 15 тәулікке қамауға алынады, не көлікті басқару құқығынан 7 жылға айырылады.

Істі қарау барысында Т.А.Ж. жүктілік туралы анықтаманы ұсынды. Бұл оған жазадан құтылуға мүмкіндік берді, себебі заңмен жүкті әйелдерді қамауға тыйым салынған. Бірақ жауап алу кезінде құқық бұзушы жүктілігі туралы қарама-қайшы айғақтар бере бастайды. Осыған назар аударған прокурор істі қарауды кейінге қалдыруды сұрап, медициналық құжаттарды тексере бастайды.

Тексерумен жүктілік туралы анықтама жалғандығы анықталып, прокуратурамен Т.А.Ж. қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін құжаттар полицияға жолданады. 11 наурызда Үржар аудандық сотының үкімімен Т.А.Ж. Қылмыстық кодекстің 385 бабының 3 бөлігімен, яғни сотқа жалған құжат ұсынғаны үшін кінәлі деп танылды. Осы үшін оған айыппұл салынды.

Сонымен қатар соттың қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамаққа алынып, көлікті басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Осылайша әкімшілік жауапкершіліктен құтылмақшы болуға тырысқан азамат, керісінше, өз жағдайын одан әрі ушықтырып, қылмыскер атанды.

Өзгелердің жаңалығы