Жаз мезгілінде қандай сусындар ішкен дұрыс?

17 Шілде 2023, 18:45
1079
Бөлісу:
Жаз мезгілінде қандай сусындар ішкен дұрыс?
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Қантты газдалған, энергетикалық және алкогольді сусындардан аулақ болған дұрыс, деп хабарлайды BAQ.KZ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

Күн сайын жеткілікті мөлшерде су тұтыну ағзаның барлық функцияларын, соның ішінде ас қорыту мен метаболизмді, қалдықтарды жоюды, сондай-ақ дене қызуын қалыпты ұстап тұруды және ағза мен тіндердің денсаулығын сақтау үшін қажет.

Денедегі судың жетіспеушілігін болдырмау үшін ересектерге де, балаларға да су ішу тәртібін дұрыс ұйымдастыру және сақтау маңызды.

Қоршаған орта температурасының жоғарылауы кезіндегі сұйықтықтар мен сусындардың ұсынылатын тізімі:

- салқын, таза су (қайнатылған немесе бөтелкедегі) – шөлді қандыру үшін ең жақсы таңдау, суға лимон, қияр тілімдерін немесе мұз текшелерін қосуға болады;

- жасыл шай да қантсыз немесе тұзсыз дәм беретін қарапайым суға дәмді, сергітетін қосымша болып табылады;

- ақуызға, көмірсуларға, кальцийге және электролиттерге бай сүт және сүт өнімдері дене белсенді болғанда немесе терлеген кезде жоғалған натрийдің орнын толтыруға көмектеседі;

- жасыл көкөністі (қырыққабат, шпинат, балдыркөк) немесе қауын, қарбыз және қияр сияқты су негізіндегі жемістер мен көкөністер қосылған жаңа сығылған шырындар мен смузилер денені ылғалдандыра отырып, пайдалы заттармен қамтамасыз етеді;

Ыстықта тұтынылатын сұйықтықтың температурасын бақылау маңызды, ол бөлме температурасында болғаны жөн.

Қантты газдалған, энергетикалық және алкогольді сусындардан аулақ болуға тырысыңыз. Сапасыз су мен сусындарды ішу тамақтан улануды және жедел ішек инфекциясы, дизентерия, А вирустық гепатиті және басқа да жұқпалы ауруларды тудыруы мүмкін екенін есте сақтау керек. Сонымен қатар, қантты газдалған сусындар мен энергетикалық сусындарды көп тұтыну семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупінің жоғарылауымен байланысты, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы