Жайық өзені ең жоғары деңгейіне қашан көтеріледі

20 Наурыз 2023, 17:59
1659
Бөлісу:
Жайық өзені ең жоғары деңгейіне қашан көтеріледі
Фото: azattyq-ruhy.kz

Жайық өзенінің ең жоғары деңгейі 850 метр. Бұл туралы «ҚР ТЖМ  басқарма бастығы Нұрлан Есмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жайық өзеніне Ресей жағы келетін үлкен су ағыны күтіліп отыр. Ол наурыз айының аяғы болады деп болжап отырмыз. Жайықта қазір мұз еріп жатыр. Жергілікті кіші өзендердің ағынынан Жайық өзенінің Орал қаласындағы деңгейі 472 см-ге көтерілді. Бірақ қазір 408 см қалыпты деңгейіне түсті. Ириклинский су қоймасының жағдайына күнделікті түрде мониторинг жасалып тұрады, - деді Есмағамбетов. 

Нұрлан Есмағамбетовтың айтуынша, ол жерде 2 млн 180 текше метр су бар. 

Ол жерден 15 шаршы метр су ағып жатыр. Ол жақтағы су еру процесі басталмады. Башқұртстаннан келетін Сақмара деген өзеннің жағдайын тексеріп жатырмыз. Судың ағысы наурыз айының аяғы деп күтіліп отыр. Ол жерде мұзды жаруға арналған құрал-жабдықтар жасалып, арнайы мамандар күтіп отыр. Ең  қауіпті деңгей -  850 метр, - деп айтты ТЖМ өкілі. 

Сөзінше, әзірше Ресей жағындағы өзендердің мұзы ерімеді.

Өзгелердің жаңалығы