Жайық-Каспий каналының сағасында тереңдету жұмыстары жүргізілуде

12 Сәуір 2024, 19:52
284
Бөлісу:
Жайық-Каспий каналының сағасында тереңдету жұмыстары жүргізілуде
PHOTO
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Жайық өзенінен Каспий теңізіне судың шығуын жеделдету мақсатында қазіргі тереңдігі небәрі 40-50 см болатын түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Жұмысты аяқтағаннан кейін ені 20 метр болатын өзен сағасының тереңдігі 40-тан 200 см-ге дейін артады деп күтілуде. Бұл жұмыстарды жүргізу Жайық өзенінен Каспийге судың тиімдірек ағуына ықпал етеді. Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін екі экскаватор қолданылады.

Жайық-Каспий каналының сағасында тереңдету жұмыстары жүргізілуде

Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай жұмыстарды орындауда тиімділігі жоғары «Амфибия» экскаваторы да жұмысқа тартылады. Жер снаряд - тереңдету жұмыстарын жүргізуге арналған техникалық флоттың кемесі.

Жайық-Каспий каналының сағасында тереңдету жұмыстары жүргізілуде

Төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тереңдету жұмыстары басталды, оларды жеделдетілген тәртіппен жүргізіп жатырмыз,- дейді құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Өзгелердің жаңалығы