Жайық өзенінде қайықпен рейд өткізілуде

22 Тамыз 2019, 07:57
1460
Бөлісу:
Жайық өзенінде қайықпен рейд өткізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары күнде Жайық өзенінде қайықпен рейд өткізеді, жадынамалар таратады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтында хабарланды.

Құтқарушылардың басты міндеті – судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу және санын азайту.Қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүрген тұрғындарды анықтау мақсатында құтқарушылар күн сайын Жайық өзенінде қайықпен рейд өткізеді, жадынамалар таратады.

Сондай-ақ, жасақ құтқарушылары сауда үйі, базар, дүкендер, спорттық кешен және саяжайларға барып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, адамдар көп жиналатын орындарда дауысзорайтқыш арқылы судағы қауіпсіздік ережелерін оқиды.

Үнемі өткізілген рейдтер мен әңгімелесулер нәтижесінде қайықтарға құтқару жилетінсіз мінетін адамдар саны мен жасөспірімдердің пирстардан секіру фактілері азайып келеді.

Осы орайда құтқарушылар Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін ескертеді: тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар; жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер; шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар; жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер; жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар; жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар; қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер; суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін; түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар; сақ болыңыздар!

 

Өзгелердің жаңалығы