Жауапкершілікке 199 лауазымды тұлға тартылды. Есеп комитеті 1,7 трлн теңгенің бұзушылығын анықтады

12 Ақпан 2022, 18:11
1857
Бөлісу:
Жауапкершілікке 199 лауазымды тұлға тартылды. Есеп комитеті  1,7 трлн теңгенің бұзушылығын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есеп комитетінде 2021 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды. 

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың төрағалығымен ведомствоның 2021 жылғы жұмысын қорытындылау және 2022 жылға арналған міндеттер жөніндегі кеңес өтті. 

Кеңес барысында Мемлекет басшысының жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Есеп комитетіне берген тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Аппарат басшысының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының тиісті есептері, сондай-ақ Есеп комитеті мүшелерінің ақпараттары тыңдалды.

Өткен жылы аудит жүргізу арқылы  155 нысанда 32 трлн теңге қамтылған.

Аудит барысында 1723 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде:

қаржылық бұзушылықтар - 399 млрд теңге

тиімсіз жоспарлау - 255 млрд теңге 

Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекеттік активтер - 1 068 млрд теңге

29,1 млрд теңге қалпына келтірілді (өтелді)

Үкімет пен мемлекеттік органдарға 81 ұсыным мен 511 тапсырма берілді.

Тәртіптік жауапкершілікке 199 лауазымды тұлға тартылды. Оның ішінде 34 жоғары буын басшылары. Әкімшілік жауапкершілікке 75 жеке және заңды тұлға тартылды. Құқық қорғау органдарына 56 аудит материалдары жолданды. 

 

Өзгелердің жаңалығы