Жаттығуларға бөлінген ақшаны жымқырған басшы ұсталды

11 Шілде 2023, 10:33
986
Бөлісу:
Жаттығуларға бөлінген ақшаны жымқырған басшы ұсталды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Астана қаласы спортты дамыту дирекциясының басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚМА елордалық департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған. Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты КММ басшылығы алып отырған, - деді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оның сөзінше, заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңге.

Сонымен бірге КММ басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

ҚММ бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге ​​жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы