Жатақханада есірткі саудасымен айналысқан екі студент сотталды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екі студентті 6 және 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Polisia.kz.</h4>

16 Қаңтар 2021, 07:11
АВТОР
 16 Қаңтар 2021, 07:11
16 Қаңтар 2021, 07:11
1855

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екі студентті 6 және 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Ақтөбе қаласында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 18 жастағы екі студент ұсталған болатын. Студенттер қала көшелерінде синтетикалық есірткі салынған 22 пакетті жасырып үлгерген.

Студенттер ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері колледж жатақханасының бөлмесінде тінту жүргізіп, таразы және көк түсті химиялық заттарды тәркіледі.


Наверх