"Жасыру мүмкін болмай кетті". Төреғалидің қарындасы сүйінші хабарды жеткізді

19 Желтоқсан 2023, 21:25
31754
Бөлісу:
"Жасыру мүмкін болмай кетті". Төреғалидің қарындасы сүйінші хабарды жеткізді
Фото: Дина Төреәлінің Instagram-дағы парақшасынан

Былтыр тұрмысқа шыққан Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі аяғы ауыр екенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Раббымның қалауымен жүрегімнің астында тағы бір жүрекше соғуда, - деп қуанышымен бөлісті Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында.

"Жасыру мүмкін болмай кетті". Төреғалидің қарындасы сүйінші хабарды жеткізді

Ол әрі қарай жасыру мүмкін болмай кеткенін айтып өтті.

Иә, әрі қарай жасыру мүмкін болмай кетті. Жақсылықты бөліссең көбейеді деп бөлісіп жатқан жайым бар. Армандап жүрген жандардың бәріне жұғысты болсын, - деп тілегін білдірді ол.

"Жасыру мүмкін болмай кетті". Төреғалидің қарындасы сүйінші хабарды жеткізді

Айта кетейік, былтыр қараша айында Дина Төреәлі Ернар Мұсабай есімді азаматпен шаңырақ көтерген еді. Енді бүгін ол сүйінші жаңалығымен бөлісті. 

Сонымен қатар осы айдың басында Төреғалидің тағы бір қарындасы Фариза Төреәлі сәбилі болғанын жария етті. Фариза 9 ай бойы жүктілігін көпшіліктен жасырып келгенін, себебі тіл-көзден барынша сақтанғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы